Келес ауданы: Балалардың жазғы лагері ерекше өтіп жатыр
2022 ж. 16 шілде

Машат шатқалы “Самал” сауықтыру лагерінде оқушылардың жазғы лагерінің 2-ауысым жабылу кеші өтті. Жабылу салтанатына арнайы барып қатысқан Түркістан облысына қарасты Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бахтияр Сапарұлы шәкірттермен жүздесіп, лагерде белсенділік танытқан оқушыларды құттықтады. Жазғы сауықтыру лагерінде шахмат, жеңіл атлетика т.б. спорт түрлерінен бақ сынасып, әннен шашу шашқан, биімен көпшілікті тамсандырған балаларға лагерь ұйымдастырушылары дайындаған мақтау қағаздары мен арнайы медальдарды табыстады.
Енді аталған демалыс орны Келес ауданының білім беру ұйымдарына қарасты оқушыларды жазғы лагердің 3-кезеңіне қабылдайды.