Күбірлеген күйлерін төгілтті
2022 ж. 6 шілде

«Созаққа барсаң күйшімін деме» деген тәмсіл өз мәнін әлі де жоя қойған жоқ. Созақтың өнерлі оқушылары бүгінде жерлер күйшілердің күйлерін күмбірлете шертіп жүр. Мектеп оқушыларының білім озаты болуынан бөлек өнерін де өрістетіп отыруы өте құптарлық ақ жағдай. Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 2018 жылдан бастап, шілде айының алғашқы жексенбісі қазақтың қазақилығын танытып келе жатқан құнды аспаптарымыздың бірі- Домбыра күні мерекесі аталып, жылда оқырмандар назарына дәріптеліп келеді.
Осы шарада биыл өз жалғасын тауып, оқу залында «Әнімде сен, жырымда сен домбыра» атты мерекелік іс – шара болып өтті.
Бағдарламада - «Әнімде сен, жырымда сен домбыра» , «Созаққа барсаң күйшімін деме» - көрме шолу. «Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ –домбыра» -поэтикалық сәт. «Күмбірле, күй- домыра» - күй керуені. Іс шара осы аталмыш бағдарламалар легімен жүзеге асырылды. Қазақтың ұлттық аспабының қазақ халқының рухани өмірінде қаншалықты маңызды, ұлттық өнерімізді дәріптеп кеткен дара, дана тұлғаларымыз Дина Нұрпейсова, Тәттімбет Қазанғапұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, өлкеміздің күй өнеріне өзіндік үлесін қосып кеткен Сүгір Әліұлы, Т.Момбеков, Генерал Асқаров секілді күйшілеріміздің өмір жолы мен шығармашылық әлемі дәріптелді.
Іс шарада төл өнерімізді дәріптеп жүрген жас өнерлі күйшілер күй тартты. Олар: Ахмет Жұбанов атындағы саз мектебінің домбыра үйірмесіне қатысып жүрген Фазылбек Асылзат Б. Ысқақовтың «Қосбасар» , Әпен Жібек Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым», Әділханқызы Айша Д.Нұрпейсованың «Тойбастар», Нұрсейт Нұрдос Ә.Қонысбаев «Ағалар асуы», атты күйлер тартылып құлақ құрышын қандырып, қазақ елінің кең жалпақ даласын көз алдымызға елестетіп, күбірлеген күйлерін төгілтті.
Домбыра тақырыбында қалам сермеген ақындар: Қадыр Мырзалиев, Марфуға Айтқожина, Кәрім Сауғабаевтың өлеңдерін нақышына келтіріп Сұлтан Назира, Көшербай Арай, Жекен Дамира, Мейрамбай Арай, Серік Аружан тағыда басқа өнерлі жастар жырдан алқа тақса, Созақ Жастар ресурстық орталығының мамандары мерекелік шараға өз тілектерін жолдап, жалынды жастардың өнерлеріне дән риза болып, өз алғыстарын білідіп, жастарға қолдау көрсетіп, алдағы болатын өз іс – шараларына шақыратындарын тілдеріне тиек етті. Кеш соңы бір топ өнерпаздардың орындауындағы "Ерке сылқым" күйімен аяқталды.