"Қазтест" жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті

2022 ж. 28 маусым

"Қазтест" жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті

ҚАЗТЕСТ жүйесінің негізгі міндеті – күнделікті әлеуметтік ортада азаматтардың қазақ тілін қолдана білу дәрежесін анықтау. Осы арқылы мемлекеттік тілді меңгеру үдерісіне екпін беру, ынтаны арттыру, тілді оңтайлы, тиімді үйрену әдістемелерінің қалыптасуына жағдай жасау болып табылады. Тілдің күнделікті тұрмыста қолданылу дәрежесін бағалау арқылы тіл меңгерудің деңгейін анықтау әлемде кең көлемде тәжірибеде қолданылады. Негізгі бағыт – тіл үйренушінің сол тілдегі ақпараттарды тыңдап немесе естіп түсіну, оқи білу мен жаза білу қабілеттерін бағалау. Сондықтан да бүгінде еліміздегі барлық мекемелерде аталған жүйеден тестілеу ұйымдастырылады. Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің " Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Созақ" жалпы орта мектеп - гимназиясында "Қазтест" жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті. Бұл шара республикалық ұлттық тестілеу орталығы, Қазтест жүйесін дамыту басқармасының басшысы Тоғызбай Нұргүл Батырбекқызы, жетекші сарапшысы Жұмағұлова Шарапат Мейірханқызы, және облыстық мәдениет басқармасы, тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Исатай Гүлмира Асқарқызының тікелей қатысуымен болды. Бұл тестілеуден мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлер арасынан жалпы саны 109 қызметкер өтті. Олардың барлығы да тіл білімі бойынша өздерінің деңгейлерін дәлелдеп, білім дәрежелерінің жоғары екендігін дәлелдеді.