«Қазақстанның білім беру саласының үздігі" атты төсбелгімен марапатталды

2022 ж. 17 шілде

«Қазақстанның білім беру саласының үздігі" атты төсбелгімен марапатталды

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласындағы №8 колледжі талай түлекті тәрбиелеп ұшырған білім ордасы. Бүгінде мұнда сапалы білім беруден бөлек, саналы тәрбие беру жұмыстары да қарқынды қолға алынған.Аталмыш клледждің жатақхана тәрбиешісі Смаилова Гүльзипа Амангелдіқызы 2021-2022 оқу жылында Президент Қасым-Жомат Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтарымен білім алушылар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарына белсене атсалысты. Еліміздің ертеңі саналар студент жастарға патриоттық рух беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен маманның төккен тері назардан тыс қалған жоқ. Насихат жұмыстарына белсене қатысқан Гүлзипа Смаилова "Білім беру ісінің педагогі 2022» атты республикалық байқауға қатысып 1 дәрежелі дипломмен, «Қазақстанның білім беру саласының үздігі" атты байқауының төсбелгісімен және куәлігімен марапатталды.