Қазақстан чемпионы атанды

2022 ж. 30 шілде

Қазақстан чемпионы атанды

Таеквондо wt дан Ақмола облысында өткізілген "BURABAI OPEN" Республикалық балалар және жас өспірімдер арасындағы чемпионаты өткен болатын. Жастайынан спортпен айналысып, шынықсаң шымыр боласың дегенді жадына түйген талай жас аталмыш сайыста бақ сынасты. Түркістан облысына қарасты №5 "Мақтаарал" мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Карабоев Оралбектің жетекшілігімен Мақтаарал ауданы Атакент кенті "Home Study Taekwando club" командасы қатысып 22 килограммда Асқарқызы Камила жүлделі орынды иеленіп Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Тилеубаев Мират жүлделі орын алса, Ескендиров Диас 1 орынды иеленіп Түркістан облысының мәртебесін жоғары көтеріп туымызды көкте желбіретті.