Қазақ тілінен В1 орта деңгейі бойынша сабақ өтілді
2022 ж. 16 шілде

Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы Баймаханова Айжан қазақ тілінен В1 орта деңгейі бойынша сабақ өтілді. Жалпы осы деңгей бойынша тіл үйренуші ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы бірқалыпты анық берілген кәсібіне, қызметіне, елтанымға қатысты және өзін қызықтыратын ақпараттар мен мәліметтерді, таныс тақырыптар бойынша дәрістер мен сұхбаттарды түсіне алады. Тіл үйренуші қүнделікті өмірде, ресми және кәсіби салаларда қолданылатын материалдарды (жеке хаттар, реттеуші қызметтік хаттар, ақпараттық-жарнамалық мәтіндер), таныс тақырыптар және елтаным бойынша мерзімді басылымдардағы көлемі шағын мәтіндерді оқып, өзіне қажетті ақпаратты алады, жалпы мазмұнын түсінеді және оны баяндап береді, біршама қорытынды жасай алады. Курсқа қатысушы орта деңгейге арналған лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктер толық қамтылған бейімделген көлемді мәтіннен және шағын көлемді түпнұсқа мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты таба алады. Осылайша орта деңгейде білім алғандар жоғары деңгейге өтеді. Бүгінде аталған орталық мамандары мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда мол тәжірибе жинақтауда. Соның арқасында тіл үйренушілер алғыстарын жаудыруда. Бұл жолы өтілген сабақтың тақырыбы -күрделі сөз бен біріккен сөздің аражігін ажырату тәсілдері және емлесі болды. Оқытушылар аталған тақырыпты барынша ашып, түсіндіріп өтті. Түркістан облысы соттарының судьялары мен сот қызметкерлері қатысқан сабақтары үшін оқытушыларға алғыс білдірді.