Қазақ тілінен сертификат табысталды
2022 ж. 28 маусым

Бүгінде қазақ тілін тереңдетіп оқып, білуге құмбылдардың қатары артып келеді. Бүгінде тіл үйренушілердің ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту мақсатында көптеген жобалар қолға алынуда. Тіл үйрету курстарына қазақ тілін білуге құштар мемлекеттік мекеме қызметкерлері тарапынан топтық өтініштер көптеп түсуде. Мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсінген мамандар барынша ынталарымен оқып, білім алуда. Күні кеше Түркістан облысына қарасты
Отырар ауданы «Отырар аудандық мемлекеттік архиві» қызметкерлері қазақ тілінен орта деңгейі бойынша 80 сағаттық курсты табысты аяқтап, арнайы сертификаттар табысталды.