Қазақ тілінен орта деңгейі бойынша кезекті сабақ жүргізілді
2022 ж. 14 шілде

Шілде айының 14-і күні Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығының қызметкерлерімен Төлеби аудандық Тілдер орталығы қазақ тілінен ОРТА (В1) деңгейі бойынша кезекті сабақ жүргізілді. Сабақ барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтары және рухани мұрасы шешендік сөздерге тоқталып, жаттығу жұмыстарымен қатар оқылым, айтылым бөлімдері қамтылды. Сабақтың мақсаты - тыңдаушылардың күрделі сөздердің бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын ұғындыру. Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз тіркесінен айыра білуге үйрету. Қазақ халқының рухани қазынасын дәріптеу болды. Қатысушылар асқан белсенділікпен берілген сауалдарға тиянақтылықпен жауап беріп, қызықты өткізді.