Қазақ тілінен қорытынды тест алынды

2022 ж. 6 шілде

Қазақ тілінен қорытынды тест алынды

«Қазтест» жүйесінің мақсаты – азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау және талапқа сәйкес сертификаттау. «Қазтест» еуропалық тіл білімінің стандарттарына сәйкес келетін 5 деңгейден (қарапайым деңгей, базалық деңгей, орта деңгей, ортадан жоғары деңгей, жоғары деңгей) тұрады. Жалпы меңгеруде де, деңгей бойынша да тестілеу үш бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым. «Жазылым» бөлігі деңгейіне қарай және Тест спецификациясы мен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша жазба жұмыстарын тексеру ережелеріне сәйкес бағаланады. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жұмыстары қызу жүргізілуде. Әрі тіл үйренуге деген қызығушылықтары да жоғары. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бүгінде қарбалас қызу жұмыс атқарылуда.

Түркістан облысы департаменті Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасының "Бағыс" шекара бөлімшесі қызметкерлерінен Қазтест жүйесінің орта деңгейі бойынша қазақ тілінен қорытынды тест алынды. Тест нәтижесі жоғары. Тіл білімін жетілдірген шекарашылар жоғары көрсетікшке қол жеткізді. Оқытушы Дәулетова Құндызай шекарашылардың тіл білімі бойынша білімдерінің жоғары екендігін айтып отыр.