Қазақ тілінен аралық бақылау сынағы алынды
2022 ж. 1 тамыз

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда. Жуырда аудандық Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығының қызметкерлерінен қазақ тілінен ОРТА (В1) деңгейі бойынша аралық бақылау сынағы алынды. Курсқа қатысушылар бір айды қорытындылап, нәтижелерін байқатты. Тест тыңдалым, оқылым және жазылым бөлігінен алынды. Тыңдаушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды.