Қазақ тілін деңгейлеп оқыту курсы негізінде кіріс тест алынды
2022 ж. 8 шілде

Қазтест Қазақстан Республикасындағы азаматтарға мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жүйесі болып табылады. Халықаралық тәжірибелерге негізделген тілдік білімді бағалаудың отандық жүйесі Қазтест тіл үйренушінің коммуникативтік құзыреттілігін бағалауға бағытталған. Қазтест жүйесі тапсырмалары қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес қалыптастырылады. Мемлекеттік стандартта көрсетілгендей тестіленушінің коммуникативтік құзыреттілігі әр деңгейге сәйкес бағаланады, тест тапсырмалары да осы бағытта құрастырылады. Лексика-грамматикалық бөлік бойынша қазақ тілінің грамматикасын тестілеу жоғарыда аталған мемлекеттік стандартқа сәйкес қарапайым деңгейде қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын меңгеру, қарапайым лексикалық бірліктердің қолданысын игеру, олардың мағынасын түсіну, жалғаулардың және етістік шақтарының қарапайым құрылымдар арқылы қолданысы қамтылады. Бүгінде осыған орай қазақ тілін үйренушілерден арнайы тест алынуда. Шілде айының алғашқы күні Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы мекемесінің сұраныс хатына сәйкес орталық қызметкерлерінен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін деңгейлеп оқыту курсы негізінде кіріс тест алынды. Оған орталықтың тәрбиеші, массаж жөніндегі медбике, логопед, есепші, шаруа бикесі, аспаз және дефектолог, психолог мамандары қатысты. Мамандар алған білімдерінің нәтижелерін бағалатты. Тіл білімін меңгеруде озық өнеге көрсеткен мамандардың нәтижесі жаман емес. Мемлекеттік тілді деңгейлеп үйрету курсы қатысушылардың кәсіби салада, өндіріс орындарында, ғылыми ортада қазақша сауатты сөйлеу әдебі мен мәдениетінің деңгейін жетілдіруге бағытталған. Осы бойынша бүгінде білімін жетілдірген мамандар ары қарай тағы да оқуларын жалғастырмақ.