«Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында оқушыларға тренинг ұйымдастырылды

2022 ж. 11 шілде

«Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында оқушыларға тренинг ұйымдастырылды

Негізінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барасында әрбір баланың білім беру-тәрбиелеу үдерісінде өзінің мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес озат оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік психологиялық және педагогикалық жағдай құрылатын балаға қолдау көрсетудің ерекше түрі болмақ. Оқу қабілеттілігінің қиындығына қарай анықтық деңгейіне қарай оқушыны қолдаудың түрі қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың мәні – баланың әлеммен, қоршағандармен өзімен-өзілік қатынастың жүйесі ретіндегі оның даму жағдайы болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау әр түрлі мамандардың психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың өзара тығыз әрекетін, жұмыстың командалық түрін білдіреді. Сондықтан да оқушыларға әрдайым психологиялық қолдау көрсетілуі тиіс. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде ұдайы мектеп психологтары ауқымды жұмыстар атқарады. Жуырда ғана жазғы мектепте оқытылатын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында мектеп психологі Гульнара Еркебаева «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында оқушылармен тренинг ұйымдастырды. Тренинг мақсаты - оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа , шындыққа, тәрбиелікке үйрету болатын. Бала кезден бойға сіңетін әдет, мінездерді жағымды жаққа өзгертудің көмегі көп болмақ. Бұл тарапта мектеп психологтарының қосар үлесі қомақты. Аталған тренингке оқушылар белсенді, жақсы көңіл-күймен қатысты. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.