Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

2022 ж. 14 шілде

Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Қамқоршылық кеңестерінің мектеп өмірінде алар орны ерекше. Бүгінде облыстағы барлық мектептерде аталмыш кеңестер қайтадан құрылымдаудан өтуде. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінде, қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын сайлау өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігіінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» талаптары бойынша қамқоршылық кеңестің талапқа сай құрылуын қамтамасыз етілді. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін жүйелеу мақсатында Қағидаттың 5-тарау ( қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату ) 30-тармағы 1 ) тармақшасына ( тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша ) сәйкес Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының " Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " 23.06.2022 жылғы N 3-1/638 хаты негізінде

А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылы 12 шілдеден бастап қамқоршылық кеңестің мүшелігіне үміткерлерден жазбаша түрде ұсыныс, өтініштер қабылданды. Қамқоршылық кеңесінің таралуына байланысты, Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлер жазбаша келісімін мектеп хатшысына ұсынылды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылды.

Қамқоршылық кеңесінің құрамына дауыс беріліп мына кісілерді атап өтті және ұсынылды Пірімбетов Даулет-«Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы, Мәдениет ұйымының көркемдік жетекшісі, Сыдықалиев Руслан «Қамқоршылық» кеңесінің мүшесі, Састөбе пос, әкім орынбасары, Жумадилов Нұржан кеңес мүшесі Ардагерлер ұйымының мүшесі, Амиров Меирбек кеңес мүшесі, Ардагерлер ұйымының мүшесі, Айдарбеков Асқар кеңес мүшесі ,Демеуші, Эшходжа Мақбал- кеңес мүшесі, Ата-аналар комитетінің төрайымы, Қосалиева Зулпира- кеңес мүшесі, Жеке кәсіпкер, Керимбекова Айман- кеңес мүшесі, Ата-аналар комитетінің төрайымы, Пыркова Светлана- кеңес мүшесі, Ата-аналар комитетінің төрайымы, Жаманкулова Асия - хатшы, әлеуметтік педагог. А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің директоры Г.Амирбекова қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.