Қамқоршылық кеңес құрамы бекітілді

2022 ж. 6 шілде

Қамқоршылық кеңес құрамы бекітілді

Қамқоршылық кеңес көптеген жылдар бойы мектептің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетін алқалы басқару нысандарының бірі ретінде мектептің өміріне белсенді қатысып келеді. Қамқоршылық кеңес оқыту және тәрбиелеу жағдайларын жақсартуға жәрдемдеседі, мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіреді, мектеп аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға көмектеседі, білім алушылар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, жазғы сауықтыруды, оқушылардың бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастырады, мектептің даму бағдарламасын бекітеді. Қамқоршылық кеңестің тікелей қатысуымен бірқатар мәселелерді шешу мүмкін болды:

мектеп формасы туралы ережені әзірлеу және бекіту, ішкі тәртіп ережелерін, сабақ кестесін бекіту, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың проблемаларын шешу, оқушыларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Қамқоршылық кеңестің қызметі мектептің дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Жыл сайын Қамқоршылық кеңестің мүшелері «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларын дайындау кезінде көмек көрсетеді, аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін қаражат бөлуге қатысады, тамақтандыру сапасын бақылауды ұйымдастыруға тікелей қатысады, бракераждық комиссияның мүшелері болып табылады.

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "А.Пушкин атындағы №з жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес Қамқоршылық кеңесті қайта сайлау бойынша жаңа құрам құрылды. Мектеп директорының қатысуымен Қамқоршылық кеңес жиналысы өткізіліп, жаңа мүшелерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткен оқу жылындағы Кеңес мүшелерінің атқарған жұмыстарына баға беріліп, биылғы қайта сайлауда Қамқоршылық кеңес төрағасы жеке кәсіпкер Шинтаев Абай Шералыұлы, Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне: Жолдыбаева Дина Алиқызы, Бахратова Заида Пашалиқызы, Надирбекова Назипа Илиясқызы, Кулиева Нина Николаена, Бахратова Халида Халиқызы, Тургинбаев Медет Алдибергенұлы,

Қарамырзаев Анарбек, Сурмин Татьяна Николаевна, Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып мектеп тәлімгері

Сексенбаева Асия Лесбековна сайланады. Алдағы уақытқа атқарылатын жұмыстардың ауқымды болатынына сенім мол.