Үйренушілер орталыққа алғыстарын жеткізді
2022 ж. 30 маусым

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандағы түрлі мекемелер арасында арнайы тіл үйрету курстарын ұйымдастырып, игі іске бастамашы болып жүр. Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы бар азаматтардың баршасы аталған орталыққа алғыстарын айтуда. Ауызекі сөйлеуден бөлек, тілдің түрлі қолданыстағы мағынасын білу мен үйренудің де өзіндік жолы бар. Бұл жағынан алғанда қазақ тілін үйретуші ұстаздардың орны бөлек. Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының орталығы
Леңгір қалалық аурухана қызметкерлері 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жүргізілген қазақ тілі курсын нәтижелі аяқтап, сертификатқа қол жеткізді. Аурухана қызметкерлерінің тіл үйренуші тобы курсты ұйымдастырушы орталыққа өз алғыстарын жеткізді. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, әдет-ғұрпы танылады. Бұл өзге ұлт өкілдерінің қазақ жеріне, мемлекеттік тілге деген құрметінің артуына сеп болары сөзсіз.