IQANAT мектебіне грант ұтып алды
2022 ж. 27 маусым

Бүгінде арманына ұмтылған ауыл мектебінің озат оқушылары көп. Iqanat қоры осындай жетістігі жоғары оқушыларды тауып, терең білім бере отырып, мақсаттарына жетуіне көмек қолын созуда. Арнайы ауыл мектептерінің оқушылары үшін IQanat Қоры Қазақстандағы ең ауқымды “IQanat” жеке олимпиадасын өткізеді. Олимпиаданың көмегімен Қазақстан мен әлемнің университеттеріне түсуге үш жылдық тегін дайындыққа финалистерді таңдаудан өткізеді. Аталмыш қор ең ынталыларды бір деңгей жоғары көтеріп, IQ R бағдарламасына шақырады. Егер ол жерде де жеңіске жетсе, одан әрі «тереңдетілген», IQanat High School of Burabay мектебіне тікелей көпір болып табылатын IQ IP бағдарламасы күтіп тұр. Аталмыш мектеп ұжымы мемлекет тарапынан көрсетілген осындай жоғары сенім үшін және ауыл жастарына өздерінің өмір жолдарын таңдауда тынбай көмектесуге уәде береді. Жуырда мақтаулы мектепке түсуге іріктеу конкурс өткен болатын. Оған Түркістан облысынан көптеген оқушылар қатысты. Білім деңгейлері жоғары екендігін дәлелдеп, командалық есепте бірінші орынға табан тірегн болатын. Осы додада Мақтаарал ауданындағы К.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Акаш Али мен Мақтарал МГ 8-сынып оқушысы Зулпыхар Жұлдыз Бурабайдағы Айқанат мектебінің грант иегері атанды. Сапалы білім нәрімен сусындатқан ұстаздары бүгінде мерейлері үстем болып, абыройларыц асқақтағанына мақтанулы.