Халықаралық пилоттық жоба ұйымдастырылды
2022 ж. 17 шілде

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Басқармасы British Council-мен ынтымақтастық шеңберінде «Future English Online Teacher Community» ағылшын тілі мұғалімдерін үздіксіз кәсіби дамыту бағдарламасы бойынша халықаралық пилоттық жобаны ұйымдастырған болатын. Оған «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы қызметкерлері де белсенді қатысты. 2000 ағылшын тілі мұғалімі кәсіби оқыту дағдыларын жетілдіру барысында кәсібилік пен іске деген адалдық танытқаны үшін филиал қызметкерлері Шойманова Мөлдір Балғабайқызы және Медетбаева Гульшакира Нуркуловнаға алғыс білдірді.