Германиядан арнайы іс-сапармен әріптестер келді
2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысына қарасты кентау қаласындағы Қазақ-неміс политехникалық колледжі мен әріптестікті одан ары жалғастыру және алдағы жоспарларды нақтылау мақсатында Германиядан TUF Rheinland Academy компаниясының арнайы өкілі Катя Кайзер және Janser HR Academy компаниясының басшысы Сергей Серебрянский арнайы іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында Германиядан келген қонақтар Кентау трансформатор зауытында болып, зауыт басшысы Худайбергенов Бауыржан Аманкелдіұлымен кездесіп, келіссөздер жүргізілді. Келісөздер нәтижесінде Қазақ-неміс политехникалық колледжіне Германияның оқыту бағдарламалары ұсынылып, Қазақстаның оқу бағдарламаларына сәйкестендіріліп, нәтижесінде Германия мен Қазақстанда да колледж дипломы бойынша оқып, жұмыс істеуге болатын жағдай жасау жөнінде келісілді.