Ғалымның қазақ жазуын дамытуға теңдессіз үлес қосқанын тілге тиек етті
2022 ж. 16 шілде

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы Оразов Мадияр Ілесұлы 15 шілде күні А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай жоспар аясында курс тыңдаушыларына, «Айымка» балабақша қызметкерлеріне А.Байтұрсынұлының ғылыми және ағартушылық идеяларын білім беру үдерісіне енгізуге байланысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұрасы» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылып өтті. Ашық сабақ барысында Ұлт ұстазының өмір жолы мен еңбегін кеңінен сөз еткен кіріспе сөзімен басталды. Ұлт ұстазының қазақ тілін дамытуда сіңірген еңбегін тілге тиек етті. Тақырып аясында қозғалған мәселелерді жан-жақты қамтып, курс тыңдаушыларының ой-пікірін ортаға сала отырып. Ғалымның төте жазу арқылы қазақ жазуын дамытуға теңдессіз үлес қосқанын тілге тиек етті.