Флешмоб ұйымдастырылды

2022 ж. 6 шілде

Флешмоб ұйымдастырылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің №146 бұйрығына сәйкес №М.Ломоносов жалпы орта мектебінде "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" атты жоспар бекітіліп профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралардың басты мақсаты балаларды қорғау, ата-ана мен ұстаз арасында жақсы қарым-қатынас орнату, кәмелетке толмаған қараусыз және қадағалаусыз жүрген жасөсіпірімдерді анықтау. Іс-шара жоспарына сәйкес "Әлем бала еңбегіне қарсы" атты флешмоб ұйымдастырылды. "Біз бақытты баламыз" атты сурет байқауы болып өтті. Ата-аналар жиналысы, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралары да болып өтті.