Есеп беру концерті өтті
2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Төлеби аудандық балалар саз мектебі» МКҚК Ленгер қалалық мәдениет үйінде "Өнерге қанат қаққандар" атты қорытынды есептік концертiн өткізді. Концерт саз мектебінің тарихы жайында түсірiлген бейне роликпен ашылып, ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы "Көш керуен" атты күймен басталды. Мектепте озат оқитын оқушылар өнерде де өзіндік қолтаңбаларын қалыптастыруда. Концерт барысында ұстаздар мен оқушылар дайындаған номерлері бойынша өнер көрсетіп, оқу жылы қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен саз мектебінің мұғалімдері арнайы грамоталарымен марапатталды. Бағдарлама соңында 5-7 жыл бойы білім алған оқушыларға саз мектебінің толық курсын бітіргенi туралы куәліктері берілді. Есеп беру концертіне қатысқан оқушыларға мектеп әкімшілігі атынан арнайы сыйлықтар берілді.