Емтихан өткізу алаңдары техникалық құралдармен жабдықталды
2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында орналасқан 92 жылдық тарихы бар Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының, «Техник-бағдарламашы» біліктілігі бойынша бітіруші түлектер «Графикалық дизайн» құзыреттілігінен WorldSkills стандарттарына сәйкес алғаш рет өткізілген демонстрациялық емтихан сәтті аяқталды. Колледжде демонстрациялық емтиханды өткізу үшін демонстрациялық емтихан тапсырмаларын республикалық оқу-әдістемелік орталықтарында (РОӘО) және «Talap» КЕАҚ мамандарымен құжаттар қаралып, нәтижесінде емтиханды өткізу үшін келісім алынды. Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтихан өткізу алаңдарын техникалық құралдармен жабдықтап, талап етілетін қажетті материалдарын, емтихан құжаттарын алдын-ала дайындау үшін бірқатар жұмыстар атқарылды.