Экологияға үлес қосып, бас жүлдені жеңіп алды
2022 ж. 14 шілде

Егемендік алып, дербес мемлекетке айналған Қазақстан Республикасының білім мен тәрбие беру саласына тың өзгерістер енгізіліп, жаңа талап, міндеттер қойып отыр. Соның бірі жеткіншек ұрпақтың болашақта экологиялық таным-түйсіктерін табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытып, экологиялық мәдениетті азамат тәрбиелеуінде болып отыр.
Расында табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып табылады.Табиғат аясындағы әдемі көріністі, ағаш, гүл,жеміс түрлерінің суретін салып, бейнелеу жұмыстары арқылы қағаз бетіне түсіруі бала жадында табиғат сұлулығының ұзақ сақталуына және эстетикалық тәрбие негізінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Бау-бақшада,гүлзарларда және табиғат мүйісінде үлкендер көмегімен еңбек әректтеріне араласып, табиғат сыйларына ұқыпты қарап, үлкендер еңбегін бағалай білуге деген ынталарын арттырады. Табиғат жайындағы өнегелі үрдістер, даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, тыйым сөздер, көзі бітеліп қалған бұлақ, бастаулардың көзін ашып, тіршілікке нәр беру, айналаға сая боларлық ағаш отырғызу сияқты игілікті іс істеп, жат пиғыл , жағымсыз іс-әрекеттен бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді. Экология күніне орай қоршаған ортаны сақтау, балалардың экологиялық мәдениетін арттыру, әлеуметтік және экологиялық жауапты азаматтарды тәрбиелеу мақсатында балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында байқау өтті. Түркістан облысы бойынша экология департаменті ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бастамасымен, жас ұрпақты қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен ұкыпты қарауға тәрбиелеу, экологиялық ойлауды дамыту мақсатында облыстағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында өтетін "Таза болса табиғат - аман болар адамзат" атты балалар суреттерінің байқауына Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысып, тәрбиеленушіміз Өскенбаев Ерасыл бас жүлдені жеңіп алды.