Эко-флорист» үйірмесінде ашық есік күні өтті
2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жас туристер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жоспарына сәйкес "Ашық есік күні" болып бекітілді. Ашық және қалыпты сабақтар кестесіне сәйкес экология бөлімінің «Эко-флорист» үйірмесінің жетекшісі, жас маман Алимбекова Гульжамал «Қазтамақ гүлінің емдік қасиеті» тақырыбында қалыпты сабақ өтті. Бірінші оқу жылының үйірмешілері гүлдің емдік қасиеті мен бөлме гүлін күтіп, баптау, бөлме гүлдерінен ерекшелігімен танысып түрлі ойын элементтері арқылы алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып көрді. Өткен сабақпен байланыстыра өткен сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.