«Ең үздік сабақ» байқауы болып өтті
2022 ж. 7 шілде

Бүгін - Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының ағылшын тілі оқытушылары арасында аудандық «Ең үздік сабақ» байқауы болып өтті. Байқауға Түркістан облысының барлық аудандарынан үздік мамандар бақ сынады. Педагогикалық шеберлігі жоғары, бағы мен бабы келіскен тәжірибелі мамандардың арасынан мықтыларды анықтау қазылар алқасына да оңайға соққан жоқ. Расында тіл мамандары арасындағы байқау өте тартысты өтті.
Байқаудың қорытындысы бойынша өзінің педагогикалық шеберлігімен ерекшеленіп, кәсіби деңгейі жоғары, білімді игертудегі өзіндік әдістемесін қалыптастырған және жаңалықты тыңдаушының санасына қалыптастыра білген Баягизова Айнур Лесбекқызы жүлделі I орынға ие болды. Үнемі ізденіспен еңбек ететін білікті маман екенін дәлелдеп, үнемі ізденіспен еңбек ететін білікті маман екенін дәлелдеп, Жетістікке жетуде адам бақытының қайнар көзі – еңбек ету деген ұранды ұстанатын Айнур Лесбекқызын алдағы уақытта талай белестерді бағындырады деген сенім мол.