Дәрісбаян өткізілді
2022 ж. 16 шілде

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінің әлеуметтік педагогы Ж.Арынова кәмелетке толмағандар арасында суицид және оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ата-аналармен бала мінезін тәрбиелеудің жолдарын қарастыру, жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізу мақсатында "Саналы ата-ана" онлайн курсы шеңберінде «Бала мінез-құлқын қалыптастыру ерекшеліктері және жазғы демалыста оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында дәрісбаян өткізді. Дәрісбаянда ата-аналармен балалардың мінез-құлқының қалыптасуында ата-ананың үлгі-өнегесінің маңызы, жазғы демалыста балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау жолдары туралы әңгіме жүргізілді.