Әдістемелік семинар өткізілді
2022 ж. 16 шілде

Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және оқыту әдістемелері мен психологиялық-педагогикалық тәсілдерді қолдануға ықпал ету мақсатында «Академиялық дербестік негізінде білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, кәсіби модульдер бойынша оқыту нәтижелерінің бағалау критерийлері, студенттердің оқу нәтижелеріне қол жеткізу әдістері мен құралдары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында колледж директорының оқ-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Байназарова, арнайы пән оқытушылары М.Аманжолов, М.Бижігітова, өндірістік оқыту шебері А.Алданова мамандық бойынша білім беру бағдарламасының жобасы, ерекшеліктері; кәсіби модуль бойынша оқыту нәтижелерін қалыптастыру, модуль/пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу; критериалды бағалау жүйесін педагогикалық технология ретінде қолдану; оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау құралдары; BOPPPS моделі бойынша оқу сабағын жоспарлау және өткізу; BOPPPS моделі бойынша сандық технологияларды қолдана отырып, оқу сабағын өткізу мәселелері бойынша ақпараттар беріліп, педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері өзара пікір, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, қазіргі күнде өзекті болып отырған мәселелер қатарындағы Ұлттық біліктілік тестілеуінің (ТжКБ) ерекшелігі; инклюзивті білім беру және оны реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға шолу, ЕБҚ білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау туралы да айтылып өтті.