Диспут форматында жүргізілген сабаққа тыңдаушылар белсене қатысты
2022 ж. 14 шілде

Түркістан облысына қарасты Тқлеби аудандық Тілдер орталығы Леңгер қаласында орналасқан «Яссин» медициналық орталығының қызметкерлерімен қазақ тілінен ОРТА (В1) деңгейі бойынша дәстүрлі сабақ жалғасуда. 13 шілде күні диспут форматында жүргізілген сабаққа тыңдаушылар белсене қатысты. Сабақ барысында қызықты танымдық тапсырмалар мен ойын түрлері, сондай-ақ сөйлесім, оқылым, жазылым бөліктері де қамтылды. Қатысушылар асқан белсенділікпен қатысты. Дұрыс жазудан бастап, ауызекі сөйлеудегі кейбір кем кетіктер де түсіндірілді