Дипломдық жобаларды қорғау барысында жемқорлыққа жол берілмейді
2022 ж. 16 шілде

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінде оқытушылар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, жазғы сынақ-емтихан сессияларын және мемлекеттік емтихандар, дипломдық жобаларды қорғау барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» тақырыбында жиын өткізілді. Жиында сыбайлас жемқорлықтың көріністері, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық және оның алдын-алу туралы әңгіме жүргізілді.