Дипломдық жұмыстарын қорғады

2022 ж. 12 шілде

Дипломдық жұмыстарын қорғады

Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде білім алушыларды қорытынды аттестаттау аясында "Құрылыс шебері" біліктілігі бойынша ҚШ-1915 тобының бітірушілері дипломдық жұмыстарын қорғады. Қорғау барысында комиссия тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Бітірушілердің болашаққа басқан қадамдарына сәттілік тілеп, жұмыстарына жақсы баға берді. Сондай-ақ, аталған топ бітірушілері арасында өз өтініштерімен қорытынды аттестаттауды демонстрациялық емтихан түрінде тапсыруға өтініш білдірген. Халықаралық Wordskills стандарттарына сәйкес "Ағаш ұстасы" құзіреттілігі бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Тапсырмалар стандартқа сай толық орындалып, қатысушылардың жұмыстары жоғары бағаланды.