Диктант жазу да бір өнер...

2022 ж. 29 маусым

Диктант жазу да бір өнер...

Бүгінде тіл білімін жетілдіру, жазу мәдениетін қалыптастыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаһанданудың жалына жармасқан дәуірде заманауи технология жазу сынды адам еңбегін алмастыра алмайтындығы анық. Компьютерде теру бір басқа, қолмен ақ параққа жазудың айырмашылығы әрине жер мен көктей. Жұмысқа қабылданарда, демалыс сұрап өтініш жазғанда кей мамандардың қаншалықты сауатты екендігі білініп қалады-ақ. Сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру үшін түрлі сабақтар, арнайы курстар өткізілуде. Ал диктант жазудың артықшылығы тіптен бөлек десек артық айтқандық бола қоймас. Түркістан облысына қарасты Арыс қалалық Тілдерді оқыту және дамыту орталығы түрлі байқаулар ұйымдастыруда алдыңғы орында келеді. Жуырда аталмыш орталықтың қазақ тілі оқытушысы Мақпал Мұстапаева мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәртебесін көтеру, латын негізді қазақ әліпбиінің бірізділігін қалыптастыру мақсатындаарнайы диктант байқауын өткізді. Аталмыш шара Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Ұлты тұлғаның өмірін насихаттаудан бөлек, түрлі жанрда диктант жазу байқауы өткізілді. Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсене қатысты.