Демонстрациялық емтихан-заман талабы
2022 ж. 6 шілде

Колледж қабырғасында теория мен тәжірибені қатар алып жүру боламашақ маман үшін берері көп. Әсіресе кәсіпорындарға барып тәжірие шыңдаудың да өзіндік артықшылықтары көп.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесі күні Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы №17 колледждің мамандығы: “Дәнекерлеу ісі”, біліктілігі: -“Электргазымен дәнекерлеуші” бойынша макеттермен, оқу-әдістемелік нұсқаулықтармен және арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған колледждің өндірістік оқыту шеберханасында “WorldskillsKazakshtan” стандартына және бағалау жүйесіне сәйкес қорытынды біліктілік емтиханы демонстрациялық емтихан (демо емтихан) түрінде өткізілді. 2 модульден тұратын демоемтихан аясында бітіруші түлектер өздерінің бейімділігін, шеберлігін кәсібилігін тәжірибемен ұштастыра отырып, біліктілік дағдыларын көрсетіп, эксперттік топ мүшелері “ҚТЖ” “ҰК” АҚ “Шымкент магистралдық желі бөлімшесі Арыс жол дистанциясы” филиалының бас инженері Садыбеков Қ. және ЖК “Омаров Т.А” дәнекерлеу цехының дәнекерлеушісі Нұрмухамметов Р. қатысып оң бағалады.