Демо емтихан өз дәрежесінде өтті
2022 ж. 12 шілде

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы №19 колледжде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист мамандығы бойынша 2-01 топтың 10 студентіне демо емтихан өтті. Емтиханға сарапшылардан ШҚ «Әділбек» Адильбеков Заңғар Жақсыбекұлы ШҚ «Ауыл-жайлау» Құдайбергенов Ерлан Болатұлы, Узбеков Ерқуат Абубакирұлы қатысып өз пікірлерін айтты. Демо емтихан екі модуль бойынша өткізілді. 1-модуль СЗ-3,6 астық сепкішін реттеу жұмыстары және 2-модуль МТЗ-80 тракторын артқы жүріспен белгіленген орынға қою. Сарапшылардың бағалауы бойынша демо емтихан өз дәрежесінде өтті.