«Демалыста кітап оқимыз» челленджі жалғасуда
2022 ж. 14 шілде

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты №11 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз» челленджі жалғасуда. Оқушылар жазғы демалыстарында мектеп кітапханасынан алған кітаптарын оқып жан жақты дамуға, ой өрісінің кеңейіп, рухани бай болуға кітап сенімді серік екенін ұғынуда. Сондай-ақ, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің №2 бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында білімдерін жетілдіру мақсатында "Демалыста оқимыз" атты челленджіне қатысып жатыр. Оқушылар өздерінің білімге, кітап оқуға деген құштарлықтарын білдіруде. Олар өздері оқыған кітаптарын бір бірімен алмасуда.