"Әдеби әлем - ғажап әлем" атты kitapfest бағдарламасын өткізді
2022 ж. 15 шілде

2022 жыл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Балалар жылы деп жариялағаны бәрімізге белгілі. Жаз айы - мектеп оқушылары үшін асыға күтетін уақыт. Балалар жылына орай Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық балалар кітапханасының ұжымы (меңгерушісі Ғалия Маймақова,кітапханашылар Кенже Тастыбаева, Әсем Сарыбаева) балалардың жазғы оқу демалыстарын тиімді ұйымдастыру, оқу белсенділіктерін арттыру мақсатында Түлкібас ауданында орналасқан Бекзат Саттарханов атындағы балаларды спорттық - сауықтыру лагеріндегі Созақ ауданынан барған демалушы оқушылармен "Саяхатшы кітап" жобасы аясында "Әдеби әлем - ғажап әлем" атты kitapfest бағдарламасын өткізіп қайтты. Іс шара барысында балалар әдебиетіне арналған кітап көрмелері жасақталып,шолу жүргізілді. балаларға арналған мерзімді басылымдар таныстырылып, қызықты сұрақтар, танымдық, логикалық ойындар, "Тапқыр болсаң,озып көр!" атты интеллектуалды ойындар ойнатылды. Ақпараттық-библиографиялық бөлімшенің библиографы Айгерім Дуанаева балаларға жазда оқуға арналған кітаптармен таныстыру бағытында жасалған парақшалармен таныстырып,таратты. Ойынға қатысқан оқушылар сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. Аталған лагерге басшылық жасап отырған Жарқын Бекпенбетов мырзаға бізге қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Тынығу жайының ұландарымен бірге бізде ән шырқап,би билеп,көңілді тарқастық. Бүгінгі күн қуаныш пен шаттыққа толы күн болды. Жаз айында бос уақытты құр өткізбей ,білімнің қайнар көзі кітап оқуға барша балғындарды шақырамыз. Білімге ұмтылған әр балаға біздің есік әрдайым ашық.