Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан

2022 ж. 17 шілде

Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Балдыберек жалпы орта білім беретін мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Ә.Айтбекованың бастамасымен талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы қайталанбас дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде жетістіктер форумы өтті. Білімді болу - жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, санаға тоқудың нәтижесі. Мектеп директоры М.Н.Жунисов форумға қатысушыларды жетістіктерімен құттықтап, ұстаздарға , білім алушыларға толағай табыс тілеп , келесі оқу жылында дарынды оқушылар қатары көбейсін деген тілегін білдірді. Болашақ жеткіншектердің бойындағы дарынын аша білген ұстаздар аз емес. Форумда жекелеген номинация бойынша, жыл бойғы нәтижелі еңбегімен ерекше көзге түскен, тынымсыз талмай еңбек еткен, жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар марапатталып, марқайып қалды. Іс-шара барысында өз өнерлерімен ерекше көзге түскен 2-сынып оқушысы Е. Сырғалым, 8-сынып оқушысы С.Тимебай ағылшын тілінде ән-шашу жолдады. 2-сынып оқушыларынан құралған бишілер де жиынға қатысушыларды тәнті етті . Ұлттық рух пен патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі,, - деп Б.Момышұлы патриотизмнің мәні мен мазмұнын ашып көрсеткен. АӘД пәні мұғалімі А. Ортаевтың жетекшілігімен 10 - сыныптан құралған, болашақ ел намысын қорғайтын жастар автоматты жылдамдыққа шашып - жинауда өз өнерлерін көрсетті. Бокс үйірмесіне қатысатын жас боксшыларымыз да үлкен додалардан жүлделі оралып, марапатталды. Шәкірттерге білім беруде ұлағатты ұстаздардың еңбегі зор. Мектептің ұлағатты ұстаздары Қ.Қалқабаев, Т. Жанысбаева, Қ. Серікбаева білім алушыларға ізгі тілегін білдірді. Дарынды жас - елдің болашағы, баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді еліміздің тарихын арқалап, болашағын айқындайтын - дарынды жастар. Мектебіміздің аудан, облыс көлемінде жүлделі орындарға ие болған білім алушылары мен үздіктері марапатталып, ауыл тұрғыны Т. Тасболатов пен Қ. Пернебаевтің демеушілігімен қаржылай сыйақы берілді. Демеушілер жастарды ғалым болуға, талмай зерттеу жұмыстарын жалғастырып, өз білімдерін кеңейте беруге, елдің білімді азаматы болуға шақырды.

,,Оқушының ең сенімді ұстазы, сыр жасырмас ашық айтатын адамы – мұғалім,,- деп Ғ.Мүсірепов айтқандай, мектептің тірегі де, тілегі де - мұғалім.