Челендж жалғасуда

2022 ж. 30 маусым

Челендж жалғасуда

Халқымыз өзінің тарихында ерекше орыны бар екі тұлғаны «Ұлт ұстазы» деп ардақтаған. Алдымен, әрине, ұлы Абайды айтамыз. Одан кейін Ахмет Байтұрсынұлының есімі аталады. Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.Осыған орай еліміздің әр өңірінде мерейтойға байланысты көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ақын, ғалым, түркітанушы, педагог, қазақ тіл білімінің атасы, қазақ жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Ұлт ұстазымен үндесу " атты челленджі бастау алған болатын. Түркістан облысындағы түрлі басқармалар челенджді қабылдап алып, іс-шаралар өткізіп, келесі басқармаға жолдайды. Жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Кукузова Нилуфар жалғастыруда.