«Буллинг» тақырыбындағы онлайн вебинарға қатысты
2022 ж. 16 шілде

Бүгінде балалар мен жасөспірімдер, тіпті ересек адамдар арасында буллинг яғни кемсіту, шеттету, қорлау жағдайлары аз кездеспейді. Өкінішке қарай, бұл мәселеге қоғамда тым көбейіп барады. Әлеуметтік желілер арқылы, мектепте, колледжде, қоғамдық орындарда өзге біреудің ар намысына тиюдің соңы жақсылыққа апармайды. Алайда осыны түйсінетінердің қатары аз. Ата-аналар мен ұстаздардың көпшілігі буллингті қалыпты ахуал санап, оқушының психологиялық, физикалық саулығына мән бермей жатады. Оның соңы қылмысқа, суицидке апарып соғуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап аталған проблема жөнінде дұрыс ақпарат берудің маңызы зор. Ол үшін бүгінде мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында түрлі семинарлар, вебинарлар өткізілуде. Буллинг – бұл адам психологиясын бұзып, күйзеліске, үмітсіздікке, жан дағдарысына әкелетін жағдай болып табылады. Аталған проблеманың алдын алу үшін қоғамның барлық азаматы үнсіз қалмауы қажет. Алдымен дұрыс ақпарат берілуі қажет. Осы мәселеге орай жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінің жастары Облыстық «Студенттік Парламент» көшбасшыларына арналған «Буллинг» тақырыбындағы онлайн вебинарға қатысты. Вебинарда жастарға буллингтің алдын-алу шаралары туралы білімдерін кеңейтіп, жастармен пікір алмасып, ойларын бөлісті. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу, жастар ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.