Болашаққа жасаған жоспарлары туралы ұстаздарымен бөлісті

2022 ж. 16 шілде

Болашаққа жасаған жоспарлары туралы ұстаздарымен бөлісті

Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту үшін бүгінде елімізде анонимды сауалнама ұдайы жүргізіліп тұрады. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеуге барынша күш салынуда. Дегенмен зорлық зомбылық сипатындағы қылмыс түрі арадкідік бой көрсетіп қалады. Елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу болып табылады. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Сол үшін де бүгінде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінің әлеуметтік педагогы Ж.Арынова жастар арасында әлімжеттік, зорлық-зомбылық, сексуалдық сипаттағы қылмыстарды анықтау мақсатында «Зорлық - зомбылық туралы мен не ойлаймын?» атты онлайн анонимді сауалнама жүргізді. Оқушылардың берген жауаптары бойынша жастар зорлық-зомбылықты болдырмау жолдарын, тап болған жағдайда кімге жүгінуге болатынын біледі, ата-анасымен сырласады, болашаққа жасаған жоспарлары туралы ұстаздарымен бөліседі.