Бұқаралық спортты дамыту – халық денсаулығын нығайтатын фактор

2022 ж. 15 шілде

Бұқаралық спортты дамыту – халық денсаулығын нығайтатын фактор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді. Осыған орай Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт бойынша нұсқаушылары, ауданның ауыл округтерін аралап, халықты салауатты өмір салтын ұстауға, бұқаралық спортпен айналысуға үндеп келеді.

«Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт бойынша нұсқаушылары тек жаттығуларды ғана емес, сонымен қатар мәдени-демалыс жұмыстарымен де айналысады. Олардың міндеті – барлық жастағы ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтына тарту. Әсіресе мектеп жасындағы оқушыларды спорт үйірмелеріне тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы мақсатта «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарамұрт ауыл округі бойынша спорт нұсқаушысы Жүрсінбеков Талғат Қайратұлы ауыл округіндегі спорт алаңшалары мен нысандарын аралап, жай-күйімен танысты. Алдағы уақытта мектеп оқушылары үшін тағы да арнайы спорт алаңшаларын салуды қарастыратындықтарын айтты. Ауыл тұрғындарын спортқа тарту мақсатында, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру үшін тиісті әкімдік қызыметкерлермен кездесу өткізді