Бәйдібектік оқушылар топ жарды

2022 ж. 4 шілде

Бәйдібектік оқушылар топ жарды

Ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының бүгінгі таңда орны ерекше. IQANAT олимпиадасының негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау. Сонымен қатар, осы олимпиада арқылы ауыл оқушыларын пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Елордаға Түркістан облысынан 98 ауыл оқушысы барды, оның ішінде Бәйдібек ауданынан М.Әуезов ат. ІТ мектеп-лицейінен Амантай Рамазан, Досболұлы Марғұлан, Қалдыбек Ғабиддин, Мыңбұлақ жалпы орта мектебінен Абиш Балкен Жасұланқызы қатысты.

Түркістан облысынан 17 оқушы IQanat High School of Burabay мектебіне өтті. Бәйдібек ауданы М.Әуезов атындағы ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Амантай Рамазан IQanat High School of Burabay мектебіне түсті.

Облыс бойынша 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде - Бәйдібек ауданынан 2 оқушы М.Әуезов ат. ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Досболұлы Марғұлан – тарих 2 орын, Бәйдібек ауданы, М.Әуезов ат. ІТ мектеп-лицейі Қалдыбек Ғабиддин – химия пәнінен 3 орынды иеленді.

Барлық оқушыларға құнды сыйлықтар берілді: IQANAT спорт формасы, рюкзак, сумка, әдеби кітап, қаламсап. Оқушылардың жетістіктері ұстаздарының абыройын асқақтатты.