Бірыңғай мектеп формасы бекітілді
2022 ж. 14 шілде

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бірыңғай мектеп формасы бекітілді Білім басқармасы елордадағы мектептерде оқушылардың бірыңғай қара-көк түсті формасын бекітті. Ата-ана мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдай алады. Бастысы, негізгі ережеге сәйкес болуы керек
Бірінші кезекте киім классикалық стильде тігілген болуы шарт. Ұлдарға - пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде ұсынылады. Шалбар еркін кесілген және ұзындығы аяқтың тобығын жабатындай болуы керек. Қыздарға - пиджак, юбка, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан. Олардың шалбары еркін пішіліп, аяқтың тобықтарын жабатын, кеңселік белдемшенің ұзындығы тізеден 5 см-ден аспайды. Мектеп формасына түрлі конфессиялардың, діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.