Білімді игертудегі өзіндік әдістемесін қалыптастырған білікті маман

2022 ж. 12 шілде

Білімді игертудегі өзіндік әдістемесін қалыптастырған білікті маман

2022 жылдың 7 шілде күні Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық Тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының ағылшын тілі оқытушылары арасында облыстық «Ең үздік сабақ» байқауы болып өтті. Байқау барысында ағылшын тілі оқытушыларының педагогикалық шеберлігі мен кәсіби деңгейі жоғары, білімді игертудегі өзіндік әдістемесін қалыптастырған және жаңалықты тыңдаушының санасына сіңдіре білген Анаркулова Динара Сүйіндікқызы Сарыағаш ауданындағы Тілдерді оқыту орталығының білікті маманы екенін дәлелдеп, жүлделі IІ орынға ие болды. Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету деген ұранды ұстанатын Динара Сүйіндікқызына алдағы уақытта талай биіктерді бағындыратынына сенім кәміл.