Білім нәтижесін сарапқа салды
2022 ж. 6 шілде

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ''Тілдерді оқыту және дамыту орталығы '' коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі оқытушысы М.Жұбаева І жарты жылдық бойынша ТО МКҚБ-3ПБ, аудандық орталықтандырылған кітапхана тыңдаушы топтарынан В1 орта деңгейі бойынша қорытынды тест алынды. Қатысушылар осы уақытқа дейін алған білімдерінің нәтижесін көрсетті. Қазақ тілін тереңдетіп білім берген оқытушы М.Жұбаеваға курс тыңдаушылары алғыстарын жеткізді. Алдағы уақытта да курс тыңдаушылары тіл меңгеру үшін келесі топқа қатысатын болады.