Білім мекемелері аттестаттаудан өткізілуде

2022 ж. 14 шілде

Білім мекемелері аттестаттаудан өткізілуде

Бүгін Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинг залында, БАҚ өкілдеріне Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов жартыжылдық атқарған жұмыстарының қорытынды есебін берді. "Департамент тарапынан 2022 жылы тізімде бекітілген 366 білім беру ұйымының 181 білім беру ұйымында, оның ішінде 106 балабақша, 73 мектеп, 2 колледжде мемлекеттік аттестаттау шарасы жүргізілді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес келген 14 (7,7%) білім беру ұйымы (8 балабақша, 6 мектеп) аттестатталды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес келмеген 167 (92,2%) білім беру ұйымы (98 балабақша, 67 мектеп, 2 колледж) аттестатталмады. Бұл, мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 92,2 % құрайды" дейді департамент басшысы Галымжан Бауыржанұлы.