Білім беру ұйымдары басты назарда

2022 ж. 29 маусым

Білім беру ұйымдары басты назарда

Өркениетті елде өмір сүріп жатқан әр бала заманауи талаптарға сай білім ордасында оқуға міндетті. Бүгінде өңірімізде заман талабына сай үлгіде салынған мектептер саны көбейіп келеді. Заманауи мектепте оқыған баланың білім сапасы да жоғары болмақ. Сол себептен де соңғы әлетте білім мекемелерінің күрделі және ағымдағы жөндеуіне баса назар аударылып отыр. Сондықтан мектептердегі жөндеу жұмыстарын тұрақты түрде бақылап, жұмыс барысымен танысу жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда Түркістан облысына қарасты Келес ауданының білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.№26 Келес жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер ұйым 60 адамды жұмыспен қамтып, барлық жұмысты мерзімнен бұрын аяқтады. Сырланған, талапқа сай жабдықталған сынып бөлмелері жұтынып тұр. Биылғы оқу жылына сақадай сай.

№28 Мақташы жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының бастапқы кезеңі жүргізілуде. Демографиялық өсімі көп оңтүстік өңірде соңғы жылдары бала саны артып келеді. Соған орай, ауылда бала санының өсуін ескерсек қосымша ғимаратқа деген қажеттілік арта түспек. Сондықтан тиісті жұмыстар белгіленген мерзімде сапалы аяқталу қажеттігі туындап отыр. Ол жағынан мердігер мекемелер құлағдар. Жұмысты сапалы әрі нақты мерзім аралығында аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кету керек екі мектепке де «Ауыл- ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы қарастырылған.