"Білім алудың артықшылығы" тақырыбында жиын өтті

2022 ж. 16 шілде

"Білім алудың артықшылығы" тақырыбында жиын өтті

Түркістан облысына қарасты "Шардара аудандық орталық" мешітінде "Имани жаз" лагерінде тәлім алушы шәкірттермен Шардара ауданы Ұзын ата ауыл округі "Ұзын ата" мешітінің имамы Калыбеков Оразғали "Білім алудың артықшылығы", - тақырыбында тәлімді уағыз айтып, шәкірттерге ағалық ақ батасын берді. Оқушыларға тәлімі мол мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Оқушылар өздеріне қажетті сауалдарына тұщымды жауаптарын алды.