Белсенді оқушылар марапатталды
2022 ж. 5 шілде

Түркістан облысы әкімдігімен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасында белгіленген тапсырмаларды іске асыру және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 16.06.2022 жылғы №221 бұйрығы негізінде облысымыздың мәдени, тарихи мұраларын дәріптеуге және тарихи естеліктерді сақтауға баулу мақсатында облыстағы аудандық білім беру ұйымдары арасында 2022 жылғы 22-26 маусым күндері «Облыс тарихы» керуен-шеруі Бәйдібек, Созақ, Сауран аудандары мен Түркістан қаласында өткізілді.
Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан 10 оқушы қатыстырылып, қазылар алқысының шешімі негізінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен төмендегі жеңімпаз деп танылған қатысушыларға жүлделі орындар белгіленіп, диплом, алғыс хат, қаржылый сыйақылар, сертификаттар тапсырылды.
Cаду Даниял, 8 сынып - І орын (50 000 тг)
Аманбай Дидар, 8 сынып - І орын (50 000 тг)
Имашбекова Мөлдір, 8 сынып - ІІ орын (30 000тг)
қалған 8 оқушыға қатысушы сертификаты мен 10 000 тг қаржылай сыйлық берілді.