Бейнероликтер байқауы өткізілді

2022 ж. 5 шілде

Бейнероликтер байқауы өткізілді

Балаларға сапалы білімнен бөлек саналы тәрбие берудің де мәні жоғары. Балалар отбасында да, мектепте де тәлімді тәрбие алып өсуі тиіс. Осы орайда "Балалар жылы" іс-шаралар жоспары бойынша отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы №1 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушылары арасында "Өмір ағашы: Менің тегімнің тарихы" тақырыбында бейнероликтер байқауы өткізілді.

Осы байқауда үздік деп танылған 2 а - сынып оқушысы Әсет Жанин жеңіпаз атанды. Жас талапкердің жұмысынан өз тегінің тарихына терең үңілу арқылы ізденімпаздығын таныта білгені байқалады. Балауса балғын қыздың отансүйгіштік кіршіксіз сезімі, сүйіспеншілігінен замандастары үлгі алатыны сөзсіз.