Бөбекжай қызметкерлеріне арнайы сабақ өткізілді

2022 ж. 7 шілде

Бөбекжай қызметкерлеріне арнайы сабақ өткізілді

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемекеттік мекемесі бүгінде аудандағы барлық білім ұялары, балабақша сынды мекемелерге барып, арнайы сабақтар өткізуде. Аталмыш орталық мамандарының сабақтары түрлі тақырыптарды қамтиды. Барлығы да мекеме мамандары үшін тиімді әрі пайдалы сабақтар болып табылады. Жуырда орталықтың оқытушысы Утегенова Наргиза Асатуллақызы 2022 жылдың 30 маусым күні курс тыңдаушылары,«Ару Барс» балабақша бөбекжай қызметкерлеріне арнайы сабақ өткізді. А1 қарапайым деңгейі бойынша «Сөйлемдердің негізгі және қосалқы мүшелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында тақырып бойынша толық түсінік беру, тапсырмаларды орындату, сөздіктермен жұмыс жүргізу арқылы танымдық қабілеттерін арттыру көзделген болатын. Ұғынықты әрі пайдалы сабақтан бөбекжай қызметкерлері өздеріне қажетті мәліметтерді ала алды. Алдағы уақытта осы бағыттағы сабақтардың жиі өткізілп тұруына тілектестіктерін білдірді.